«Атырау облысы Білім беру басқармасының
Қызылқоға ауданы білім бөлімінің
«Сағыз орта мектебі» КММ
Сағыз орта мектебінде 2024 - 2025 жаңа оқу жылының басталуына орай асхана бологының жәй - күйін қадағалау мақсатында мониторинг комиссия мүшелерінің құрамы тексеріс жүргізді. Тексеріс нәтижесінде білім алушылар үшін пайдаланатын тамақ өнімдерінің сақталу жолдарын, қоймалардағы тамақтардың сапасы, сақталу түрлерін қарады. Ас блогы қызметкерлерінің сандық және сапалық құрамы сәйкес болды. Тамақ дайындау технологиясы сақталып, дайын тағамдардың калориялылығына сәйкестігі үшін ас блоктарында тамақ дайындалуы талапқа сай. Санитарлық - эпидемологиялық салауаттылығы саласындағы құқықтық актілердің талаптарына сәйкес қажетті құжатта бар. Диетолог Н.Серікбаева бракераж журналын, «С - витаминдеу» журналын ашып, толтырған. Асхана алдында арыз - шағым журналы ілінген. Тамақтардың арнайы сертификаттары, тағамдардың жарамдылық мерзімдері тексерілді. Ас мәзірі ілінген, ас мәзірі бойынша оқушылар кезең - кезеңімен тамақтануда. Асханадан мектеп бойынша 169 оқушы тамақтанады, оның 39 - ы аз қамтылған отбасының оқушылары. Мониторинг комиссия мешелері асхана жұмысына, тазалығына, тамақтандың талапқа сай екендігін қадағалап өте жақсы бағалады.
Атырау облысы Білім беру басқармасының 2019 жылғы 11 қазандағы хатына сай, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тапсырмасына сәйкес 2019 жылдың 15 қазан күні Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз орта мектебінде 1-11 сыныптарына «Адалдық сағаты» өтілді.
Өскелең ұрпақтың бойына адалдық, парасаттылық, отансүйгіштік құндылықтарын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған шараға Сағыз ауылдық округ аппаратының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бөлімінің бас маманы, «Нұр-Отан» ХДП-ның өкілі Қолқабаев Бекмұрат Терекбайұлы, Сағыз орта мектебінің ата-аналар комитетінің төрағасы Әлбетов Оразбай Бөкенұлы, Қызылқоға аудандық полиция бөлімі ЖПҚБ ЮПТ кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Сүйінова Әйгерім Маралқызы және «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелері қатынасты. Адалдық сағаты оқушылардың жас ерекшелігіне қарай ұйымдастырылды. Аталған шараға мектептің барлық оқушысы (372) қамтылды.
Толығырақ...Сағыз орта мектебінде 2-ші қыркүйек алғашқы оқу күнінде өскелең ұрпақтың бойында адалдық, парасаттылық, отансүйгіштік құндылықтарын қалыптастыру мақсатында «1 қыркүйек - Білім күні» мерекесіне орай бірыңғай «Адалдық сағаты» ұйымдастырылды.
Толығырақ...Бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсыру рәсіміне қатысып, еліміздің дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарды марапаттады.
«Құрмет» орденімен марапатталған белгілі ғалымдар, қоғам және мәдениет қайраткерлері, өндіріс пен әлеуметтік сала өкілдерімен бірге мемлекеттік награда Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевке де тапсырылды.
Тәуелсіздік күніне орай ҚР Білім және ғылым министрлігінде өткен салтанатты жиналыста білім және ғылым саласы өкілдеріне мемлекеттік және ведомстволық наградалар тапсырылды. «Парасат» ордені «Өрлеу» АҚ Басқарма төрайымы Гүлназ Ахметоваға, ҚР БҒМ Қоғамдық Кеңесінің мүшесі Геннадий Гамарникке, әль-Фараби атындағы ҚазҰУ проректоры Тілекқабыл Рамазановқа тапсырылды.
Сонымен қатар, сала қызметкерлері «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталып, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын иеленді. Сондай-ақ, білім және ғылым саласы қызметкерлеріне мемлекеттік және атаулы премиялар мен ҚР БҒМ Құрмет грамоталары табысталды.
«Еліміздің барлық педагогтары мен ғалымдарын Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, баршаңызға денсаулық пен еңбектеріңіздің жемістілігін тілеймін, – деді министр Е. Сағадиев, - Білім және ғылым саласының қызметі бәріміздің қаншалықты табанды еңбек етуімізге байланысты. Белгілі американдық қоғам қайраткері Генри Дэвид Торо былай деген екен: «Нағыз адамдар еліне шын ұжданымен қызмет етеді». Мен әрқайсыңыздың шынайы патриот ретінде сүйікті отанымыз – Қазақстанның өркендеуі үшін еңбектенетініңізге кәміл сенімдімін».
Қызылқоға ауданы білім бөлімінің «Сағыз орта мектебі» КММ






